Сату бөлімі
Сату бөлімі Маркетинг бөлімі

ПС типіндегі аяқ киім сымтемірін картонды ұлтарақтар мен былғары ұлтарақ қалыптарына бекіту үшін қолданады. Сымтемірден жасалған қалыптарға ұлтарақты бекіту процессінде тік тоғандар пайда болады, олар қалыптардың төменгі бетіндегі тығындарға ұлтарақ арқылы қағылады. Ұлтарақты бекітуге арналған сымды дөңгелек сымтемірді жұқарту жолымен дайындайды; оның көлденең қимасында дөңгелектенген жиектері бар тік бұрышты (жақтары 1,07 және 0,63 мм) пішінге ие.

ПГ типіндегі сымтемірді тоғындық тарту кезінде өңінің тарту жиектерін бекіту үшін және сыздықты ұлтарақтың жиегіне өңінің тарту жиектерін бекіту үшін пайдаланады. Екі жағдайда да тарту жиегін бекіту тарту машиналарының жұмысы процессінде сәйкес сымнан жасалатын тоғындардың көмегімен жүргізіледі. Сымдарды калибрлеу фильтрлері арқылы үлкен диаметрлі сымтемірді тарту жоылмен дайындайды, оның көлденең қимасы дөңгелек пішінге ие.