Сату бөлімі
Сату бөлімі Маркетинг бөлімі

Қызметтер

«FURNITUR-KZ»ЖШС заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге әртүрлі өндірістік-техникалық қызметтер көрсетеді.  Біздің кәсіорынға жұмыстарды орындауды сеніп тапсыра отырып, сіз әрдайым қызметтердің жоғары сапасына, оңтайлы бағаға және тапсырыстарды орындау қызметтерінің мерзімінің сақталуына сенімді боласыз.  

Орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізімі: 

  ✓ 25 тонна, 40 тонна және 50 тонна күші бар OMPSA және MASSINI автоматтандырылған пресс-машиналарында бөлшектерді штамптау бойынша қызметтер.
 
  ✓ ЦАМ 4-1 / ZAMAK қорытпасынан тапсырыс берушінің үлгілері бойынша қысымда құю және ортадан тепкіш құю қызметтері 
Қысымдағы құю автоматтарының бүрку көлемі 250 гр дейін. Ортадан тепкіш құюға арналған құралда "жылдам формаларды" құруға болады, яғни 3-7 жұмыс күні ішінде үлгі бойынша бұйымды дайындау, бөлшектің салмағы 100 гр аспауы тиіс.  

  ✓ Жұмырлау және тербелісті жұмырлау бойынша қызметтер (сулы, дымқыл)
Жұмырлау - қылтандарды жоюға арналған бөлшектерді механикалық өңдеу, бұйымдарың бетін жартылай жылтырату және жиектерді тегістеу 

  ✓ Әртүрлі абразивтік материалдармен (кварц, құм, корунд және т.с.с) барабандардағы ұсақ бөлшектерді құм ағынымен өңдеу бойынша қызметтер.   

  ✓ Әртүрлі материалдарға (металл, пластик, ағаш) суреттер мен мәтінді лазерлік-нақыштап енгізу бойынша қызметтер.

  ✓ Келесілерден түратын бұйымдардың прототиптерін әзірлеу бойынша қызметтер: 

■ техникалық құжаттаманы әзірлеу (сызбаларды, сұлбаларды, бұйымдардың визуализациясын жасау);  
■ 3D үлгілеуге арналған бағдарламаны жазу;
■ жоғары ажыратымдылығы бар жаңа 3D принтерлерде фотополимерден жасалған бұйымдарды басып шығару.